Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Үздік қосымша білім беру ұйымы»
24-09-2019 12:00
«Үздік қосымша білім беру ұйымы»

22 қыркүйек 2019 жылы Қала күнін атап өту аясында білім саласының «Үздік» номинациясы атап өтілді. Қаланың қосымша білім беру ұйымдары арасында облыстық балалар биологиялық орталығы «Үздік қосымша білім беру ұйымы» болып танылды. Қызмет жылдары барысында биологиялық орталық бірнеше мәрте әртүрлі деңгейдегі мектептен тыс ұйымдар арасында жүлделі орындарға ие болды. Жиыны 25 жүлделі орынның ішінде 7 рет «Үздік қосымша білім беру ұйымы» атағын иемденді, ал 2011 жылы Қазақстан Республикасының ең үздік қосымша білім беру ұйымы болып белгіленді.