Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Мектепке дейінгі ең үздік мекеме»
30-09-2019 11:21
«Мектепке дейінгі ең үздік мекеме»

Қала күнін мерекелеу қарсаңында,  2019 жылғы 22 қыркүйек күні  «Үздік» номинациясында әрбір сала бойынша салтанатты марапаттау өткізілді.

Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелері арасында
«Yu kids Іsland»  «Zhuldіz- Ardak» балабақшасы ЖШС  «Мектепке дейінгі ең үздік мекеме» атанды.  

«Yu kids Іsland»  Zhuldіz-Ardak» балабақшасы» ЖШС бірнеше рет халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық  байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды : «Үркер»  Халықаралық  интеллектуалды орталығының - «Ең үздік балабақша» кубогы, «Ең үздік психолог кабинеті»  байқауы бойынша - І орын, Мектепке дейінгі мекемелер арасындағы «Ең үздік дене шынықтыру залы» - І орын грамотасы,  «Мектепке дейінгі мекемелер аумақтарын көгалдандыру, көріктендіру» қалалық байқауының Бас жүлдесі, «Үздік балабақша» Республикалық байқауы - І орын.