Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Үздік ауыл мұғалімі» қалалық байқауы
30-09-2019 11:58
«Үздік ауыл мұғалімі» қалалық байқауы

2019 жылдың 27 қыркүйегі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұстазым мақтанышым» жобасы аясында қаланың шағын жинақталған мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибесін тарату, сонымен қатар оқытудың сапалы деңгейін арттыру мақсатында шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері арасында «Үздік ауыл мұғалімі» қалалық байқауы Семей қаласының білім бөлімі мен Семей қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқауға қатысқан шағын жинақталған мектептердің 7 мұғалімінің кәсіби қасиеттері мен жоғары шығармашылық әлеуеті сараланып, байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жүлделі орындарды келесі мұғалімдер иеленді: 1 орын – Шайкенова Эльмира Бақытжанқызы Бұлақ ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі, 2 орын -  Маликов Нұржан Махмутович Бөкенші ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі, 3 орынды - Дюсембаева Жанар Асхатовна Б.Исадилв ат. ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі және Тусупова Роза Амангелдіқызы Ақбұлақ ЖНББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.