Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
30-09-2019 15:49
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының  облыстық кезеңі

2019 жылғы 28 қыркүйекте Өскемен қаласының «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей» КММ базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық  кезеңі  өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: құндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан білім беру мекемелерінен 28 астам команда қатысты. Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпазы, Даниял Акимеев (9 сынып), Светлана Калинкина (8 сынып), Дарья Якубовская (7 сынып) құрамындағы, «Экономикалық лицей» КММ командасы Семей қаласының намысын қорғады.

 Олимпиаданың облыстық кезеңі «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында әлеуметтік жобаларды қорғау бойынша конкурс форматында өткізілді.  Жұмыстарды бағалау жобаның рухани-адамгершілік тереңдігін ашу, қатысушылардың шығармашылық дербестігі, белсенді өмірлік ұстанымын көрсетуі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алу іскерлігі,  командада жұмыс жасау іскерлігі

критерийлерге сәйкес жүзеге асырылды.

Әділқазылардың шешімі бойынша «Экономикалық лицей» КММ командасы  ІІ жүлделі орынды жеңіп, үздік команда деп танылды.

Дарынды балалармен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жүргізетін ««Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері Гульмира Бекетаевна Изатова, Марина Валерьевна   Тускееваларды  атап өтуге болады.

Олимпиада жүлдегерлері, олардың ата-аналары мен «Экономикалық лицей» КММ ұжымын құттықтаймыз!