Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Балабақша қызметкерлеріне оқыту іс-шаралар
02-10-2019 14:22
Балабақша қызметкерлеріне оқыту іс-шаралар

"ERUDIT KIDS Montessori" балабақшасы халықаралық ұйыммен білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты келісім-шарт аясында Аға сарапшылар қызметі (Senior Experten Service), "Семей қаласының білім бөлімі" ММ бірлескен жоспар бойынша 2019 жылдың 11-25 қыркүйек аралығында Германияның SES маманы, көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар педагог, дидактика және оқыту әдістемесі, Германия білім беру мекемелерінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалармен жұмыс саласындағы маманы Ренате Хайн-Бостельманн  оқыту іс-шараларын өткізді.

Оқыту іс-шаралары ағылшын, неміс тілдерінде жүргізіліп, орыс тіліне аударылған, тегін семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар алды. Әр балабақшадан педагогтер, тәрбиешілер, әдіскерлер және барлық меншік түріндегі мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары шақырылды. Ренате Хайн-Бостельманн қатысушылармен мектепке дейінгі мекемелерде оқыту әдістемесі мен дидактикасы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды біріктіру және М. Монтессори әдістемесі  туралы мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Барлығы 100 –ден астам  қала педагогтары қатысты.