Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қалалық «Тіл шебері» байқауының қорытындысы
07-10-2019 09:41
Қалалық «Тіл шебері»   байқауының   қорытындысы

2019 жылғы 04 қазанда   білім бөлімі мен  мәдениет және   тілдерді дамыту бөлімі  «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген мұғалімдер арасында  қалалық «Тіл шебері» байқауын  өткізді.

Байқаудың  мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс  және  ағылшын  тілдерін  жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру;  іскерлік  және  халықаралық  қарым - қатынас  құралы  ретіндегі    тілдерді  жастардың меңгеру деңгейін анықтау; «Тілдердің  үштұғырлығы»  мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау;  тілдік  қарым - қатынас   мәдениетін  қалыптастырып, көп тілді меңгерген  тұлғаны тәрбиелеу;  қазақстандық рухани бірлікті нығайту; Байқауға  мектеп  мұғалімдері  мұғалімдері  қатысты. Жүлделі орын алған мұғалімдерге  бағалы сыйлықтар мен дипломдар, сондай-ақ қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды   №37  гимназияның мұғалімі Көбегенова Құралай айдынқызы  жеңіп алды.