Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Қайырымдылық балалық шақтан басталады
01-11-2019 18:45
Қайырымдылық балалық шақтан басталады
2019 жылғы қазан айының 21 мен 31 аралығында балалардың тілектестік қарым-қатынасын қалыптастыру, ұжымдық жұмылдыру, рухани-адамгершілік, адалдық және шыншылдық қабілеттерін дамыту және оларды мінез мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында барлық білім беру мекемелерінде қайырымдылық он күндігі өткізілді. 
«Қайырымды сөз күші» тақырыбындағы бірінші күн салтанатты саппен басталып, онда оқушылар он күндік жоспарымен танысты. Балалар өз достары мен мұғалімдеріне шын жүректен жылы сөздерін және тілектерін арнады. 
Жоғары сынып оқушылары үшін дискуссиялар өткізіліп, онда  сыйластық, шыншылдық, адамгершілік және өз ісіне деген жауапкершілік сынды адамның маңызды қадір-қасиеті туралы сөз қозғалды. 
«Кенеттен қайырымдылық көрсету күні» № 2, 7, 11, 10, 25, 28, 38, 40 мектеп оқушылары мектептің ықшам ауданында тұратын ересек тұрғындардың қоршауларын жөндеп, үйлерін және аулаларын тазартуға көмектесіп, қайырымды істер атқарды.
Балалар, ата-аналар, педагогтер «Экологиялық уик-эндке» белсене қатысып, мектеп пен оған іргелес аумақты толықтай қоқыстан тазартты.
Мектеп инспекторлары оқушылармен, ата-аналармен әңгіме өткізіп, 
ҚР Әкімшілік Кодексі, Қылмыстық  Кодексінің баптарымен, көп пәтерлі үйде, үй  аумағында, көшеде жүру және қолдану ережелерімен таныстырды. 
Мектептерде «Адалдық дүкені» белсенді жұмыс істеуде.  Өзіне - өзі қызмет көрсету принципі бойынша сатып алушы (оқушы, педагог, ата-ана) өзі сатып алатын затты таңдап алып, осы тауар үшін импровизацияланған кассаға белгіленген прейскурантқа сәйкес өз бетімен төлем жасайды. Қоғамда біртіндеп мұндай сенімділік атмосферасын құру өзіңді адал да, жақсы адаммен теңестіруге мүмкіндік береді.      
«Парасаттылық мектебі» бұрыштары мен кабинеттерінде оқушылар сыбайлас жемқорлық мәні, оның нысандары, қоғам өмірінің әртүрлі саласындағы көріністерінің ерекшеліктері, осы құбылыстың себептері мен әлеуметтік қауіпті салдары туралы түсінік алып, мемлекет және қоғам арасындағы қатынас, сондай-ақ әлеуметтік тақырыптар аясындағы сұрақтарды талқылай алады.  
Білім беру мекемелері әкімшілігі қызметінің ашықтығы мен айқындығы мақсатында 1 қабатта «Шығыс –Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық бюджет-ашық мектеп» ақпараты орналастырылған. Әрбір ата-ананың, сондай-ақ кез-келген адамның мектеп сайтынан білім беру мекемесінің бюджеттік есептілігін көру мүмкіндігі бар. 
Он күндік ішінде басқа көптеген іс-шара өткізілді. Он күндіктің әрбір күні жылулыққа, қайырымдылық пен қуанышқа толы болды.