Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Бала дауысы» қалалық жас әншілер сайысы
01-11-2019 19:05
«Бала дауысы» қалалық жас әншілер сайысы

 «Бала дауысы» қалалық жас әншілер сайысы 6 жыл ішінде  жас дарынды сахнаға шығарып, жаңа жұлдыздарды жарқыратты. Сайыс 4-5 жас аралығындағы қала балабақша тәрбиенушілері арасында өткізілді. Байқау  қала бала- бақшаларының музыкалық жетекшілердің, әдіскерлердің, тәрбиешілердің тығыз қарым-қатысының арқасында жас дарындардың ашылуына мүмкіндік берді. Сондықтан,балабақша және мектептер, баланың өміріндегі маңызды рөлін атқарады. Әр жыл сайын қала балабақшаларында өткізілетін іс-шараларының негізгі мақсаты - балаларды  рухани және мәдени байыту болып табылады. 4-5 жас аралығындағы тәрбиенушілер арасында өткізілетін «Бала дауысы» сайысы да сол мақсаттарға бағытталған. Әр жыл сайын қатысушылар саны өсіп, балалардың дарындылығы, патриоттық өлеңдері өсіп және патриоттық сезімдері нығайып келе жатыр. Бұл еліміздің болашаққа бағдары дұрыс бағытта екенін айқындайды, және Елбасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының сенімді қадамымен мақсатқа жететінің және іске асуда екенін белгілейді. «Бала дауысы» сайысының мақсаттары - талантты және дарынды орындаушыларды анықтау, заманауи қазақстандық композиторлардың шығармашылығын және бала әндерін насихаттау, балалардың ән шығармашылығы мәдениетін дамытуға ат салысу, балалардың көркемдік талғамын және эстетикалық қабылдау қабілеттерін және патриоттық сезімдерін дамыту. Байқаудың нәтижесі бойынша 4 жас аралығындағы жеңімпаздар: I орын – Қайырхан Ұлпан «Ер-таң» бала бақшасы ; II орын – Маратова Диана «Балдырған» бала бақшасы және «Нұрдәулет» бала бақшасынан Әділбек Амина; III орын – Асқар Әдемі «Ажар» бала бақшасы, Ражева Вероника «Балажан» бала бақшасы, Асетқызы Сагида «Балдырған» бала бақшасы.  5 жас аралығындағы жеңімпаздар: I орын – Аманжол Ерсұлтан «Аружан» бала бақшасы ; II орын – Айдар Амина №49 ОМ және  «Балбұлақ» бала бақшасынан Федорова Варвара ;  III орын – Ыбырайқызы Інжу «Бала әлемі» бала бақшасы,Болысханова Адель «Тұлпар» бала бақшасы, Қажымұқан Ұлан «Өрлеу» бала бақшасы. Барлық қатысушылар дипломмен, естелік сыйлықтармен марапатталды.