Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
I Республикалық Фестиваль-байқау
04-11-2019 15:40
I Республикалық Фестиваль-байқау

    2019 жылдың қазанның 30-31 аралығында Қазақстан Республикасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға арналған білім мекемелеріндегі кешенді тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бағытында, Жастар Жылына қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан композиторлар одағы, облыстық білім басқармасының қолдауымен Балалар өнер мектебі балалар мен жасөспірімдер арасында Теміржан Базарбаев атындағы I Республикалық Фестиваль-байқау өткізді.

Фестиваль халық, ішекті, үрмелі аспаптар, фортепиано, вокал номинациясы бойынша жүргізілді.

Байкауға республика бойынша  Қарағанды, Өскемен, Павлодар қалаларының Балалар өнер мектептері мен Балалар музыка мектептерінің оқушылары қатыса алды. Барлық 140 жас музыкант және15 ансамбль, сонымен қатар  Аягөз ауданы «Балалар өнер мектебі», Жезкент «Балалар музыка мектебі», Курчатов «Балалар музыка мектебі»,  Бесқарағай «Балалар өнер мектебі», Қалбатау «Өнер мектебі», Шульбинск «Балалар музыка мектебі», Глубокое «Балалар музыка мектебі», Қайнар ауылы «Балалар музыка мектебі№1», Семей қаласының № 4,5,16,17, 37 жалпы орта білім беретін мектептерден оқушылар қатыса алды.

Конкурстың қазылар алқасына Республикалық, облыстық деңгейдегі ұлағатты ұстаздарымен бірге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері шақырылды. Қазылар алқасының төрағасы – Қазақ ұлттық өнер университетінің скрипка кафедрасының профессоры,өнер тану докторы – Жумабекова Дана Жүнісбекқызы болды.

Фестиваль қатысушылары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Лауреат» грамоталармен, естелік сыйлықтармен марапатталды және Арнайы Жүлде – 25 мың тенгеге ие болды. Бір қатысушыға – ата-ананың қамқорлығынан қалған балаға, байқау ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлық – ұялы телефон берілді. Женімпаздарды дайындаған оқытушылар, сүйемелдеушілер және қазылар алқасы мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.