Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Мектеп – тәжірибе алаңы» атты облыстық семинар
05-11-2019 16:01
 «Мектеп – тәжірибе алаңы» атты  облыстық семинар

Жуырда Семей қаласының «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ базасында «Мектеп – тәжірибе алаңы» тақырыбында  облыстық семинар өтті. Бұл іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының  қала және аудан білім беру мекемелерінен бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Семинардың басты мақсаты: «Үздік педагог – 2019» республикалық конкурсының жеңімпазы, бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Құлжағазықызы Мұқанованың іс-тәжірибесімен алмасу.

Семинардың ашылу салтанатында үшінші сынып оқушылары гимназияның 90 жылдық тарихын баяндады.

Іс-шараның бірінші бөлімінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Такеева қатысушыларды мекеменің әдістемелік жұмысымен және жетістіктерімен таныстырды. Қ.Жұмаханов (тарих мұғалімі) «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығы туралы айтты. Қатысушылар «Рухани жаңғыру», «Интеллектум», «Робототехника», «Тіл орталығы» және «Жантану» орталықтарының жұмысымен танысты.

Психологиялық тренинг өткізілгеннен кейін семинардың екінші бөлімінде гимназия директоры А.Аубакированың сөзі тыңдалды.Ол бағдарламамен таныстырып, бірлесе атқарылатын іс-әрекеті туралы айтып өтті.Бастауыш сынып мұғалімі Н.Муканова семинарға қатысушыларға «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесінің презентациясын ұсынды. Ол «Кәсіби шеберлік – құзыреттілік шыңы» шебер-сынып барысында кәсіби шеберлікті жетілдіре отырып, жетістіккежету жолдары туралы айтты.

Рефлексия өткізу кезінде қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтті. Бұл іс-шара педагогтердің шығармашылық ізденістері үшін жақсы тәжірибе және ынталандыру болды.