Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының курстық даярлауы
06-11-2019 09:32
Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының  курстық даярлауы

Жаңа нормативтік құжаттарға сәйкес білім беру процесін жобалау саласында мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж негізінде "Шығыс" өңірлік орталығының жоспары бойынша Семей қаласында барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілерінің біліктілігін арттыру облыстық курстары өтуде. Курс тыңдаушыларымен топтарда өзіндік жұмыс, жобалық қызмет, жобаларды таныстыру және қорғау, сондай-ақ алған білімдерін қорытынды бағалау жүргізіледі. Жетекшілер интерактивті оқыту әдістерінде белсенді жұмыс істей отырып, пікірталастар жүргізеді, балабақшадағы өз іс-әрекетін талқылайды, "миға шабуыл" жүргізеді және алған білімдерін сынақтан өткізеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларынан басқа, біліктілікті арттыру курстарынан балабақша психологтары өтті, дене шынықтыру нұсқаушылары өтіп жатыр. Алдағы уақытта мектепке дейінгі ұйымдарының музыка жетекшілері, қазақ тілі оқытушылары, әдіскерлер, тәрбиешілер өтуге дайындалуда. Күтілетін нәтижеде  МДҰ педагогтарын курстық даярлаудан  өтуге 150  адам санын  құрайды.

Айта кету керек, 2019-2020 оқу жылының басталуымен "Назарбаев Зияткерлік Мектебі" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің біліктілігін арттырудың қашықтық курстарына оқытудың жаңа нысандары басталды, 20-дан астам  балабақша тәрбиешілері оқудан өтіп, бағалау нәтижелері бойынша сертификаттауды күтуде.