Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
«Қамқоршы күні»
06-11-2019 10:01
«Қамқоршы күні»

«Қамқоршы күні» мерекесі жақсы дәстүр болып қалыптасқан. Биыл да «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ қамқоршы Күніне арналған жыл сайынғы мереке өткізді. Барлық білім беру мекемелерінде қамқоршы Күнінің он күндігі ұйымдастырылып, әртүрлі іс-шаралар, қамқоршыларды құттықтау өткізіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – өз жанұяларына тәрбиелеуге баланы қабылдап алған отбасыларына алғыс айту, бөтен балалар мен бөтен адамдардың қайғысына бей-жай қарай алмайтын жандарды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды көтермелеу болып табылады.

Мереке барысында балаларға бар ынтасымен, шаршамастан, үнемі өздерінің махаббаты мен жылулықтарын сыйлай білген қамқоршылар мен қорғаншылар үшін ән шырқалып, құттықтау және алғыс сөздері айтылды.

Аталмыш мереке отбасыларын біріктіру, балалардың салауатты өмір салты туралы түсінігін қалыптастыру және олардың денсаулығын нығайту мақсатында өткізілді.

«Қамқоршы Күні» он күндігіне арналған барлық іс-шаралар салтанатты, қуанышты  жағдайда өтті.