Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Ең қызықты күзгі демалыс!
06-11-2019 13:56
Ең қызықты күзгі демалыс!

Күзгі демалыс – оқу жылындағыалғашқы демалыс, жазғы демалыстан кейін балалардыңкүш-қуаты толы болса даорталықтыңтәрбиеленушілері осы апталық демалыстыасыға күтеді. Күзгі демалыскезіндебиологиялық орталықта ең қызықты іс-шаралар өткізіледі: Аю күні, Күзгі бал, экологиялық квест, табиғаттыңкүзгі құбылыстарын тамашалайтын танымжорықтаржәне қыстайтын құстарға арналған Сарышымшықкүні.

Салауатты өмір салтына да көп көңіл бөлінді. Өзін-өзі басқару кеңесі спорттық эстафета, таза ауадағы қозғалыс ойындарын ұйымдастырды. Тазалық секторының белсенділері тұмау ауруын алдын алу туралы ақыл-кеңес беріп, осы тақырыпқа арналған кітапшалар дайындады.

Көптен күткен басты мейрам - Күзгі бал болды, оқушылар ән айтып, би биледі, өз қолдарымен түрлі-түсті костюмдер дайындады, көктемде отырғызған жидектер мен көкөніс дақылдарынан алған бай өнімдерге қорытынды жасады. 

Қорытындылай келе, балалар мен ата-аналар күзгі демалыстарын жоғары бағалады, өйткені олар туған өлкенің табиғатында демалыстарын сәтті өткізді.