Семей қ.,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
8 (7222) 52-48-27
Чемпиондарды ұлықтау
06-11-2019 16:49
Чемпиондарды ұлықтау

№ 23 мектепте  күзгі демалыстан кейінгі бірінші күні джиу джитсудан әлем чемпионы болған оқушысы  Кумарова Дильназды қарсы алудан басталды. Қолдарына шар алған оқушылардан  жанды корридор жасап мектеп әкімшілігі, барлық ұстаздар чемпионымызды гүлмен қарсы алды. Дәстүрлі лездемемізді салтанатты түрде әлем және облыс чемпиордарын ұлықтауға арнап өткіздік. Алдымен күзгі демалыс кезінде түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды марапаттап, кейін әлем және облыс   чемпиондарын  қошеметпен ортаға шақырып марапаттады.     

Дильназдың джиу джитсудан бапкері, мектебіміздің түлегі Қазтаев Қайрат келіп жеңімпаздар мен шәкіртін құттықтады.   Мектеп ұстаздары атынан әлем чемпионы болған оқушымызға арнап баннер жасалып, ата-анасына алғыс хат беріліп, Семей қаласының символы ретінде түйе сувенирі сыйланды. Мектеп осындай оқушыларымен мақтанады.